Қымбатты достар! Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы сіздерді – бүкіл әлемдік спорттық радиопеленгация спортшыларын және жарыс қонақтарын 2014 жылғы қыркүйек айында Қазақстанда, әсем Бурабай өңірінде өтетін спорттық радиопеленгациядан 17 - Әлем Чемпионатына шақырады! Біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, спортшылармен қатар радиоәуесқойлар мен радиоспорт жанкүйерлерін де жарысты тамашалауға шақырамыз. Біз сіздердің Қазақстанның көркем табиғаты мен қонақжайлығына тәнті болатындарыңызға сенімдіміз. Мұндай әлемдік деңгейдегі ауқымды жарысты алғаш рет өткізгелі отырғандықтан, оны жоғары деңгейде өткізу біздер үшін үлкен абырой. Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы (ҚРРФ). |
![]() |